Төлем

контактісіз,

бір рет басып жасалады,

қауіпсіздігі ендірілген,

қалаған жерде төлейсіз.

Еш қиындықсыз төлеңіз.

Бірнеше секундта реттеп, кез келген уақытта лезде төлейсіз

Барлық құрылғыдағы кедергісіз төлемдер үшін бір-екі амал ғана қажет. Карта мәліметін Google аккаунтына енгізіп қойсаңыз, олар қауіпсіз жерде сақталып, кейін тез төлейтін боласыз.

Қауіпсіз, қорғалған транзакциялар

Ендірілген аутентификациясы, транзакцияны шифрлау мен алаяқтықтан қорғау мүмкіндігі бар Google Pay ақшаңызды үнемдеуге және жеке ақпаратыңызды қорғауға көмектеседі. Онымен қоса барлығын өзіңіз басқарасыз.

Қауіпсіздікке сенімді болыңыз

Ашықтық

Google Pay қызметі жеке ақпаратыңызды немесе транзакциялар тарихыңызды ешкімге сатпайды.

Қауіпсіздік

Google Pay қызметі онлайн төлеген кезде ақаулық туралы ескертулер мен шифрлау сияқты ендірілген қауіпсіздік функцияларын ұсынады.

Басқару

Google Pay өзіңізге ыңғайлы құпиялық параметрлерін таңдауға мүмкіндік береді.